Standing

service

+7 (7172) 696-393
+7 (7172) 696-193

Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
онлайн-запрос

РусскийEnglish

САПАЛЫ САНДЫҚ ТАҚТАЛАР

САПАЛЫ САНДЫҚ ТАҚТАЛАР
Понедельник, 16 февраля 2015

Дүние – алма-кезек. Уақыт ілгері жылжыған сайын ескіні алмастырған жаңалық ағыны тұрмыс-тірлігімізді едәуір жеңілдетіп, мол мүмкіндіктерге жол ашты. Күннен күнге жаңарған «ақылды» электроникалар үдерісі – үнемшілдік үлгісі.

Алтыннан қымбат уақытымызды үнемдеген технологиялардың бірі ұзын-сонар кезекті қысқартқан, қызмет көрсету орындарындағы кептелісті реттеген «қолғанат» – электронды кезек жүйесі. Ісіміз түскен банкте, ХҚО-да, мекемелерде кезек нөміріміз белгіленген талонды басып шығаратын құрылғыдан бастап, ретімізді көрсететін сандық тақталарға дейінгінің дені – өзіміздің өндіріс. Өндіруші – «Стендинг» компаниясы.

«Қазақстанда жасалған» деген затбелгісі бар электронды таблоларды өндіретін «Стендинг» ЖШС 2006 жылы құрылды. Компанияның негізін қалаушысы және директоры – Андрей Гайдамак. Өнертапқыш бала кезінен электроникаға құмартқан. «Мені үнемі математика, қолданбалы механика, химия пәндері қызықтыратын, әсіресе, электроникаға деген әуестігім басым болды. Сіз сенбейтін шығарсыз, маған, тіпті, балабақшада жүрген кезімде-ақ тәрбиешілер механикалық сағат, радиоқабылдағыштарды жөндететін» деп бастады әңгімесін компания директоры Андрей Гайдамак. Оның айтуынша, тоғыз жыл бұрын компания нарыққа алғашқы өнімі – «Service Control» атты бильярд клубтары мен сауналарды автоматтандыру жүйелерін шығарды. Сол уақытта бұл өнім қазақстандық нарықтағы бірден-бір жоба болатын. Өнертабыстың мәні – бизнес барысын автоматтандыру. Аталмыш жүйе –толық статистика жүргізіп, мардымды түрде жұмысты жеңілдететін бағдарламалық-аппараттық жиынтық. Тапсырыс берушілер электронды жүйемен жұмыс істеген ыңғайлы екенін әрі ол табыс көлемінің артуы мен шығынның қысқаруына септігін тигізетінін айтады.

«Стендинг» компаниясының ең табысты жобасы – Кезекті басқарудың электронды жүйесі. «Бұл жобамен 2006 жылдан бастап жұмыс жасап келемін. 2010 жылы жүйе толық дайын болды. 2002 жылдан бері шетелдік өнімдердің осындай жүйелерін саралап, олардың кемістіктерін есепке ала отырып, электронды кезек жүйесін жасап шығардым» дейді Андрей Гайдамак.

«Стендинг» КБЭЖ, біріншіден, бұл – қалыңдығы небәрі 6 мм болатын ультражіңішке электронды табло. Моно­литті ультражіңішке қорабы бар «Стендинг» жүйесі басқа жүйелерден эстети­калық, стильдік, заманауи сыртқы бейне­сімен де ерекшеленеді. Жобаның екінші инновациялық қыры – жүйенің құрамдас бөліктері арасындағы деректер алмасуы. Жүйені монтаждау жеңіл және басқа нұс­қаларға қарағанда арзанға түседі. Үшінші­ден, «Стендинг» жүйесі басқа жүйелерге қарағанда электр қуатын аз тұтынады.

Қазіргі кезде қызмет көрсету орындарынан электронды кезек таблолардан бөлек, сенсорлы мониторларды байқап жүрміз. Жоғары сапалы теледидарлар жарықдиодты электронды таблолардың қажеттілігін төмендетеді ме деген сұрағымызға өндіріс иесі «Жарықдиодты таблолар мен сенсорлы мониторлардың айырмасын көрсететін факторлардың бірі – қуат көзін пайдалануы. Электронды таблолар теледидармен салыстырғанда қуат көзін он есе аз тұтынады. 2010 жылдан бері таблоны кері қайтару сияқты келеңсіз деректер кездескен жоқ. Ең соңғы көрсеткіш – баға. Табло теледидардан айтарлықтай арзан. Сондай-ақ, экраннан қарағанда деректер таблоларда айқынырақ көрінеді» дейді.

Андрей Гайдамактан электронды табло­ларды қалай жасайтындарын сұраға­ны­мызда «Табло қорабын жасауға бір ғана материал жеткілікті, ол – акрилді шыны. Өнді­ру­ші­лер таблоны жасағанда оның сал­мағы мен жіңішкелігіне көңіл бөледі. Таблоны жа­саудың негізгі ұстанымдары заң жүзінде қорғалғанымен, әлі патенттелмеген, бас­қа­лардан ерекше құпия бөліктері бар» дейді.

«Стендинг» ЖШС-нің тағы бір ин­но­вациялық өнімі – электронды қабырға са­ғаттары. Бұл өнімнің ең басты ерекшелігі – жоғары дәлдігінде. Егер сыртқы түріне келер болсақ, «Стендинг» сағаттары аса жұқа қорабымен әрі көркем, жеңіл оқылатын сандарымен өзгеше. Сағаттың қалыңдығы – 6 мм, ал салмағы – 200 грамм. Олардың тағы бір құпиясы батарея ауыстыруды қажет етпейді және дыбыссыз. Қазіргі таңда Астанада ғана емес, Қазақстанның барлық аймағындағы мектеп, ауруханалар мен емханаларда, мемлекеттік және жеке мекемелерде, банктер мен аэропорттарда, вокзалдар мен спорт орталықтарында «Стендинг» сағат жүйелері жұмыс істеп тұр. Бас қаланың символына айналған «Бәйтеректен» де компанияның 114R модельді сағаттарын байқауға болады.

Бүгінде «Стендинг» компаниясы өнім­дерінің таралу аумағы ұлғайған. Ел­ор­дадағы «Альянс Банк», «АТФ Банк», «Эксимбанк Қазақстан», «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында, салық басқармалары мен зейнетақы қорларында және медициналық мекемелер мен халыққа қызмет көрсету  орта­лық­та­рында, кеден орындарында компания­ның жүйелері орнатылған.

«Тұтынушылар өнімдеріміздің сапа­лылығы мен сенімділігін айтып, мақ­тай­тынына қуанамыз. Өзің жасаған дүниені күн сайын он мыңдаған адам пайдаланып, қажетіне жаратып жатса, шындығында, өнертапқыш үшін бұл – өте үлкен бақыт» дейді «Стендинг» компаниясының директоры А.Гайдамак.

Источник: www.astana-akshamy.kz


  • Системы часофикации

    Создание в офисах и учреждениях единой синхронизированной сети точного времени

    Системы часофикации

    Компания Standing предлагает вашему вниманию систему часофикации объекта для создания системы единого времени с целью управления всеми часами одновременно. Система единого времени идеально синхронизирует все часы — и первичные, и вторичные — для получения одинаковой информации в распределенной информационной сети, обеспечивает единое управление часами.

    Посмотреть
    + -
  • Электронные часы «Standing»

    Уникальные электронные часы «Standing» украсят и оживят любое помещение.

    Электронные часы «Standing»

    Уникальные электронные часы «Standing» украсят и оживят любое помещение. Регулировать яркость или корректировать время вы сможете с пульта дистанционного управления, который также идет в комплекте с часами. 

    от 19 800 тенге
    Посмотреть
    + -
  • Логические контроллеры

    Универсальные интеллектуальные контроллеры позволяют организовать "умный дом"

    Логические контроллеры

    Назначение универсальным логическим контроллерам задается программой, которая записывается в память чипа. Например, у вас частный дом. При помощи таких логических контроллеров автоматически включается свет при входе в комнату, и выключается, когда человек выходит. Автоматически включаются отопление и теплые полы по заданному расписанию, включают камеры наблюдения. 

    Посмотреть
    + -
  • Электронная очередь

    Программно-аппаратный комплекс позволяет оптимизировать управление очередями людей

    Электронная очередь

    Электронная система управления очередью «Standing» имеет несколько модификаций, от самых простых, простое ведение очереди, до сложной системы управления очередью с автоматической переадресацией клиентов, с многоуровневым выбором приоритета обслуживания клиентов. Сегодня уже более 60 систем компании успешно работают в 16 городах страны. Среди наших клиентов ТОО “АстанаЭнергоСбыт”, АО «Альянс Банк», АО «АТФБанк», АО «Эксимбанк Казахстан» и др.

    Посмотреть
    + -
  • Электронное табло обмена валют

    Ультратонкое (толщиной в 6 мм) светодиодное табло для банков и обменных пунктов

    Электронное табло обмена валют

    Ультратонкое светодиодное табло для банков и обменных пунктов. Готовое изделие имеет размеры 71 см *55 см и толщину 6 мм и помещено меж из двух листов литьевого оргстекла. Управление возможно, как и с ИК пульта, так и с компьютера. 100 % совместимость программного обеспечения со всеми моделями табло обмена валют, производимыми нашей компанией.

    Посмотреть
    + -
  • Электронные термометры, термостаты

    Электронный термометр «Standing». Корпус металлический, защищенный от влаги и пыли

    Электронные термометры, термостаты

    Термометр позволяет подавать тревожный сигнал если температура выйдёт за пределы нормы, позволяет контролировать и регулировать температуру, в жилом помещении, в овощехранилище, в морозильных камерах, и т.д. 

    • — Выносной датчик температуры, длинна кабеля до 6 метров.
    • — Всепогодные, диапазон температур -45С/+55С.
    • — Сверхяркие светодиоды.

    Посмотреть
    + -